Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын және оның базасында ашылған Жеңіл атлетика бойынша Облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрді.Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Президентке оқу-жаттығу жиындарын жыл бойы тұрақты түрде өткізу үшін орталықта барлық жағдай жасалғанын айтты. Мектеп ашылған сәттен бері Қазақстанның жеңіл атлетикадан барлық қысқы чемпионаттары осы жерде өткізіліп келеді. Бүгінде орталықта 713 жас өрен жаттығады. Олар республикалық және халықаралық жарыстардан ұдайы жүлделі оралады. Спортшылар 2023 жылы 281 медаль жеңіп алған.Ольга Рыпакова елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, ол өңірде спорт медицинасы орталығын құру маңызды деп санайды. Бұл Алтайдың әсем де жанға жайлы табиғаты аясында өтетін жеңіл атлетика бойынша оқу-жаттығу жиындарын емдеу-оңалту процедураларымен сабақтастыруға мүмкіндік береді. 2015 жылдан бастап спорт аренасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы турнир өткізіліп келеді. Аталған жарысқа World Athletics Continental Tour деңгейі берілген. Яғни, бұл спортшылар әлемдік рейтингте ұпай жинай алатын ең жоғары деңгейдегі сайыс саналады.Даңқты спортшы осы турнирдің мәртебесін «күміс» деңгейге дейін көтеруге ықпал етуді сұрады. Ол үшін жеңіл атлетика манежінің жабындысын жаңарту, сондай-ақ жүлде қорының сомасын арттыру қажет Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа аталған мәселені бақылауға алуды тапсырды. Президент спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. — Мұнда балалардың футбол ойнайтынын, жеңіл атлеттердің жаттығатынын көріп отырмын. Әрине, спортпен айналысу керек, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Мен спортты дамытуға баса мән беремін. Баршаңыздың мықты спортшы болуларыңызға, қоғамның басқа да салаларында жетістікке жетулеріңізге тілектеспін. Басты міндет — еліміздің лайықты азаматы болу. Сіздерді мықты маман, Олимпиада чемпионы, спортта үлкен жетістікке жеткен бапкер жаттықтырады. Сондықтан үлгі алатын адамдарыңыз бар, — деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті жеңіл атлеттердің басты жетістіктері жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Надежда Дубовицкая әйелдер арасында биіктікке қарғып секіруден алтын медальға ие болды. Жақында Тегеранда өткен жеңіл атлетикадан XI Азия чемпионатында Елизавета Матвеева жеңімпаз атанды. Ал өткен жылғы VI Республикалық спартакиадада аймақтың жеңіл атлетика құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Мемлекет басшысы өскемендік жас спортшылармен әңгімелесіп, оларға ізгі тілегін арнадыЖеңіл атлетикамен айналысып жүрген 10-сынып оқушысы Аружан Рамазанова Ольга Рыпакова сияқты даңқты спортшы болуды армандайтынын жеткізді. Ал кішкентай футболшы, 4-cынып оқушысы Альтаир Бақытұлы Президенттен жабық шағын футбол стадионын салып беруді өтінді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды