Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды. Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш қазақстандық теннисші Австралия ашық чемпионатына аттанады
Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты
Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды