Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Екіжақты келіссөз бен Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан және Қырғызстан президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің бұл жолғы сапарының екі ел үшін мән-маңызы зор екеніне назар аударып, тарихи келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. – Бұл – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы шарт. Осы құжат өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады. Екі елдің мүддесіне толық сай келеді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасқан бауырластық байланысты сақтауға мүмкіндік береді. Елдеріміздің дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастарын нығайтуға Садыр Нургожоевич зор үлес қосты. Сол үшін қадірлі әріптесіме алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасып, нақты әрі маңызды келісімдерге қол жеткізген. – Бауырлас екі ел арасында шешімін таппаған түйткілді мәселе болмауы керек деген ортақ байламға келдік. Сонымен бірге сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән бердік. Қазақстан – Қырғызстанның сауда және инвестиция саласындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Келіссөздер барысында бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуге мүдделі екенімізді растадық. Жалпы, өзара сауда айналымын қысқа мерзімде едәуір арттыруға мүмкіндік бар. Біз өнеркәсіп өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайынбыз. Қазақстан Қырғызстанға қазірдің өзінде 195 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 260 миллион доллар. Қырғыз елінің де Қазақстанға шығаратын өнімдері аз емес, – деді Президент. Мемлекет басшысы қолда бар мүмкіндікті барынша пайдалану, әсіресе, Үкіметаралық кеңес пен Аймақаралық форумның жұмысын жандандыру, шекарада салынып жатқан Сауда-логистикалық индустриялық кешенді тез арада іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты. Бұдан бөлек, келіссөз барысында агроөнеркәсіп секторындағы мүмкіндіктер талқыланды.– Былтыр екі мемлекеттің осы саладағы тауар айналымы 10 пайызға артып, 300 миллион долларға жетті. Біздің елдеріміз үшін өнім көлемін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындар ашу, ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату өте маңызды. Осы орайда екі елдің Үкіметіне Жол картасын қабылдау туралы тапсырма берілді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, қазақ инвесторлары қырғыз экономикасының маңызды секторларын дамытуға үлес қосып келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің қаржысына Ыстықкөл облысында күн энергиясы станциясын салу жоспарланғанын, сондай-ақ Жалал-Абад облысында ферроқорытпа зауытын салу жөнінде келіссөз жүріп жатқанын мысалға келтірді. – Бірлескен кәсіпорындар тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасауға келістік. Осы орайда бүгін Өзара инвестицияларды қорғау жөнінде келісімге қол қойылды. Оған өздеріңіз куә болдыңыздар. Сондай-ақ электронды үкімет жүйесін енгізуге және дамытуға уағдаластық. Экономиканы цифрландыру үшін тәжірибе алмасу және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келістік. Екі ел арасындағы алыс-берісті жандандыру – маңызды міндеттің бірі. Осы орайда шекара арқылы жүк өткізу мүмкіндігін арттыру және оны рәсімдеуді жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Мысалы, еліміз «Қарасу», «Бесағаш», «Аухатты», «Сартөбе» «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Кеген» бекеттерін жаңғыртуға кірісті. Осы бекеттердің бәрінде цифрлық технология енгізіледі. Бұл ауқымды жұмысты 2028 жылға дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру маңызды деп санайды. – Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Осы орайда өзара үйлесімді жұмысты жалғастырамыз деп келістік. Бұл бағыттағы түйткілдерді тезірек шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау қажет. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақтылы орындауға уағдаластық. Қазақстан барлық міндеттемені толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мемлекетаралық кеңес барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да баса мән берілгенін атап өтіп, осы күндері Астанада өтіп жатқан мәдени шаралар ортақ рухани құндылықтарымызды одан әрі байыта түсетініне сенім білдірді. – Бауырлас екі елді жақындастыратын құндылықтардың тамыры тереңде жатыр. Халықтарымыздың тарихи, мәдени және рухани бастауы да – ортақ. Жамбыл мен Тоқтағұлдың, Кенен мен Османқұлдың шынайы достығы қазақ пен қырғыз қатынасын нығайта түсті. Қырғыз даласында туып, екі елге бірдей еңбегі сіңген азаматтар аз емес. Қазақ қаламгерлері «Адамзаттың Айтматовы» деп атап кеткен заңғар жазушының шығармасын оқымаған адам кемде-кем. Толомуш Өкеев, Болот Шамшиев, Сүйменқұл Чокморов сынды қырғыз киносының көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезовтің туындыларын экранға шығаруға елеулі үлес қосты. Қырғыз мемлекеттілігінің негізін қалауға зор еңбек сіңірген Абдыкерим Сыдықов, Қасым Тыныстанов сынды тұлғалар Алаш идеясына адал болды. Әлемдегі ең көлемді эпос ретінде танылған «Манас» жыры – күллі түркі жұртының құнды қазынасы. Манас – бауырлас қырғыз халқының берекелі бірлігінің символы. Өздеріңізге мәлім, осыдан үш жыл бұрын Бішкекте Абайдың, ал Астанада Манас пен Шыңғыс Айтматовтың ескерткіштерін орнату туралы мәмілеге келдік. Осыған орай бүгін Елорда төрінде әйгілі Манасқа арналған ескерткіш ашылады. Ортақ тарихымызға құрмет көрсетіп, Қырғызстанның мәдени мұрасын паш еткені үшін Садыр Нургожоевичке және барша қырғыз халқына ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Садыр Жапаров Астанаға ресми сапармен келуге шақырып, қырғыз делегациясына көрсетіліп жатқан меймандостық сый-құрметі үшін алғыс айтты. Қырғыз Президенті бүгінгі кездесу екі мемлекет арасындағы одақтастық және стратегиялық серіктестікті мүлдем жаңа деңгейге шығаруға әрі оның мазмұнын байытуға ықпал ететініне сенім білдірді.– Біз құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге саяси-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық мәселелерді кеңінен талқыладық. Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті жиынын өткізіп, өзара серіктестігімізді нығайтуға және күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде екі елдің түпкі мүдделеріне сай келетін одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту жөніндегі келісімге қол қойдық. Экономика, сауда, инвестиция және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығымызды одан әрі өркендету, көлік және коммуникация, цифрландыру бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыру, аймақтағы су-энергетика ресурстарын бірлесе тиімді пайдалану мәселелерін қарастырдық, – деді Садыр Жапаров. Қырғыз елінің басшысы Астанаға ресми сапары қарсаңында өткен Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумы шеңберінде, сондай-ақ былтыр Таразда өткен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында іскерлік байланыстар нығайып, маңызды инвестициялық келісімдер жасалғанын айтты. Сонымен қатар келесі Өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл Қырғызстанда өтетінін мәлімдеді.  

Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
  • sn.kz
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • halyq-uni
Боксшы Нұрбек Оралбай сүйіктісін жолықтырмағанын айтты
Боксшы Нұрбек Оралбай сүйіктісін жолықтырмағанын айтты
  • el.kz
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
  • aqshamnews
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
  • aqshamnews
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
  • aqshamnews
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
  • aqshamnews
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
  • aqshamnews
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
  • sn.kz
  Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
  • aikyn
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
  • el.kz
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті
  • baq.kz
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды
  • Massaget
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 24 қараша 2024, 12:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 24 қараша 2024, 12:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Болат Назарбаевтың меншігінде болған Алматыдағы қымбат нысан саудаға шығарылды
Болат Назарбаевтың меншігінде болған Алматыдағы қымбат нысан саудаға шығарылды
  • qaz365.kz
АҚШ-та ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
АҚШ-та ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
  • el.kz
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
  • baq.kz
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
  • Massaget
  Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
  • aikyn
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
  • almaty_tv
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
  • baq.kz
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
  • turkystan
  Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
  • aikyn
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Қазақстан бокс федерациясы ресейліктер басқаратын IBA-ны қолдап дауыс берді
Қазақстан бокс федерациясы ресейліктер басқаратын IBA-ны қолдап дауыс берді
  • 1bol.kz
“Астана - Челси“ матчының билеттері бүгін сатыла бастайды: 24 қараша 2024, 12:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Астана - Челси“ матчының билеттері бүгін сатыла бастайды: 24 қараша 2024, 12:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды
Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды
  • arbatmedia.kz
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
  • qaz365.kz
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
  • sn.kz
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
  • el.kz
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
  • sn.kz
Жамбыл облысында қария мен 4 немересі өрттен құтқарылды
Жамбыл облысында қария мен 4 немересі өрттен құтқарылды
  • almaty_tv
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
  • turkystan
Елімізде психологиялық көмекке жүгінетін жастардың саны артқан
Елімізде психологиялық көмекке жүгінетін жастардың саны артқан
  • halyq-uni
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • almaty_tv