Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті, деп хабарлайды Ақорда. Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды. Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.