Мемлекет басшысы бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Министр президентке осы жылдың қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген тұжырымдама аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Ал, Мемлекет басшысы министрге азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: Осы жасалып жатқан іс-шаралардың арқасында аса ауыр қылмыстардың тіркеу саны азайды. Мысалы қасақана адам өлтіру фактілері 40 пайызға, ұрлық 34 пайызға, ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстар тіркеуі азайып отыр. Б. Сатуов