Қатты дауыл 5 адамның өмірін қиды

Францияның кей қалаларында қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Жаңбыр суы жұртты әбігерге салуда. Табиғи апат болған аумақтағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Еуропаның өзге елдері де тілсіз жаумен алысып жатыр. Жаңбыр суы Франция халқын әбігерге салды. Үздіксіз жауған нөсер салдарынан бірнеше өңірді су алды. Гартанта өзенінің деңгейі қалыпты жағдайдан 2 метрге көтерілген. Шаһарларда электр желілері үзіліп, жолдар жабылды. Кейбір қалаларда қауіптің қызыл деңгейі енгізілген. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау ырық бермей тұр. Польшаның оңтүстігінде қатты дауыл тұрып, ағаштар құлауда. Табиғи апат 5 адамның өмірін жалмады. Желдің жылдамдығы секундына 43 метрге жеткен. Үйлердің шатырлары ұшып, айнала аласапыран күйге енді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды үйден шықпауға шақырады. Елдегі туристік аймақтар жабылды. Құтқарушылар жолдарды құлаған ағаштар мен қирандылардан тазартып жатыр. Рафал БАНКА, ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Көлікке ағаш құлап, 23 жасар қыздың өмірін қиды. Дәрігерлер қолынан келгенін жасады, бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Италияда да толассыз жауын жауып, шаһарларды су шайды. Артынша лай көшкіні болды. Табиғи апат болған аумақтағы тұрғындар толық эвакуацияланған. Жолдар бірнеше күнге жабылды. Су тасқыны жүрген өңірде өрт сөндірушілер мен азаматтық қорғаныс топтары гидрогеологиялық қауіпті анықтау үшін тексерістер жүргізуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Қабырғаны бұзып, миллиардтарды ұрлаған: Павлодардағы банктегі ұрлықтың егжей-тегжейі
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Мемлекет басшысы құрылыс индустриясы нысандарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Жалақы 200 мың теңге. БҚО-дағы жылу электр орталығында қандай проблема бар
Антикор 55 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды
Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановтың анасы сарбаздармен кездесті
Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандағы су қоймаларында көктемгі су тасқынына дайындық басталды
ІІМ қазақстандық қылмыскерлердің қандай елдерде табылғанын айтты
Түркістан облысында ұрланған көлік Тараздан табылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Германия тұрғындары отшашуды қолдануға наразы
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?