Синоптиктер 15-17 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстандағы алдағы күндері өте қатты ыстық болады деп болжанған.Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа-райы тұрақсыз болады, бұл фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп болжанған, қатты жаңбыр 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста болжанады. Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық +33+42°С, оңтүстігінде де қатты ыстық +35+42°С, оңтүстік-шығысында қатты ыстық +28+38°С, солтүстігінде +26+34°С, орталығында +25+33° С дейін, шығыста +21 + 31°С дейін жоғарылайды.