Қауіп сейілуіне байланысты, Жалғансай ауылдық округінен эвакуацияланған тұрғындар өз үйлеріне қайтарылуда, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. Жалғансай ауылында 08 сағат 00 минуттағы ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіріліп жатыр. Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екені хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылды,- деп хабарлайды Ақжайық.