«Қауіпсіз қала» акциясы өтіп жатыр

Үңірейген құдықтар үрейді алады. Елордада кәріз құдықтарының көбінде қақпақ жоқ. Қаланың әсіресе оңтүстік-шығыс ауданында беті ашық жатқан 4 кәріз құдығы анықталды. Халық қалаулылары мен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері шаһар көшелерін аралап, шойын қақпағы жоқ жерлерді тексерді. «Қауіпсіз қала» акциясы аясындағы бұл шара 10 күнге жалғасады. Бұл дәстүрлі акция дейді ұйымдастырушылар. Нәтижесінде жыл сайын жүзден аса кәріз құдығының беті жабылады.Динара ЗӘКИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: Осындай акцияның шеңберінде біз қауіпті инфрақұрылымды объектілерді ашық люктерді анықтап, ретке келтіреміз. Әр жыл екі рет осындай акцияны өткіземіз – жазда және қыста. «Аманат» партиясының жанында 111 деген қызмет бар. Қауіпті инфрақұрылымды объектілерді көрсеңіздер 111 қызметіне звондауға болады. Былтыр 111-ге келіп түскен өтініштер негізінде 83 ашық люк жабылып, 20 жол белгісі орнатылған. Көшеге жарық орнату туралы 14 өтініш шешімін тапты. Арсланбек МАҒЗҰМ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің басты мақсатымыз - ол осы қаланың ішінде қала тұрғындарына қауіпсіз жағдай жасау. Осы ашық люктарды әкімшілікпен бірге фиксировать етіп, одан соң әкімшілік тарапынан өзінің жұмыстары жүргізілетін болады. Мысалыға 2013 жылы өздеріңіз білетіндей осындай ашық люкка бала түсіп кеткен болатын. Осындай жағдайлар болмас үшін біз осындай алдын ала ісшара жұмыстарын жүргізетін боламыз. М. Қалиасқар

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мінсіз Мо! «Тоттенхэмді» тас-талқан етіп, жаңа рекорд орнатты
Иран валютасын өзгерткелі жатыр
Білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады?
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды