"Қай облысқа барсаңызда, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері", - депутат

"Қай облысқа барсаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері". Бүгін мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов ауыл шаруашылығы министріне осылай сауалды төтесінен қойды. Депутат жақында ғана елді-мекендерді аралап келгенін айтып, шаруалар жайылымдық жер таппай отыр, деді. Сондықтан министрдің баяндамасына күмәнмен қарайтындығын жасырмады. Берік ДҮЙСЕНБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр бәрі. Сіздің баяндамаңызда айтылған қайтарылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстап отырған кісілерге жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар? Мінберде сұраққа жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың бұл ойымен келіспейтінін жеткізді. Айтуынша биылдың өзінде Қазақстанда заңсыз берілген және игерілмеген 5,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған. Министр келер жылы тағы 5 млн гектар жер мемлекетке алынатынын айтты. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Әкімдерге тиіспей, жерлерді қорғап отыр дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Ол кімнің жерлері? Сол әкімдердің жерлері, олигархтардың жерлері. Ендігі жылы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір жандандырып жатырмыз. Біз заңға сәйкес жұмыс істейміз. Бар жұмысты жоқ деп айтуға болмайды Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады