"Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді",-Аягүл Миразова

Қоғамда дау тудырған мәселенің бірі оқушылар арасында орамал тартып, білім ошағына мектеп формасымен емес, хиджаб киіп келуді құп көретіндердің әрекеті болып отыр.Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразовадан абың-күбің әңгіме туғызған, қоғамдық пікірді дай-дай қылып қақ жарған орамал мен хиджаб мәселесіне қатысты пікірі "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды. Білікті ұстаздың пікірінше, білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар. "Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ! Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де солай. Бірыңғай форма не үшін қажет? Бай мен бағланның баласы да, қарапайым отбасының оқушысы да бірыңғай киім үлгісімен жүреді. Ата-ана да бәсекелестік деп бас ауыртпайды, баланың да көңілі бұзылмайды әлеуметтік теңсіздікті ойлап. Онсыз да түрлі реформаны бастан өткеріп, алағай да бұлағай бағдарламаларға малтығып қалған мектепте енді киім үлгісін ретке келтірдік пе дегенде хиджаб, орамал мәселесі дүркін-дүркін көтеріліп жатыр. Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, тарс бүркеніп еді? Ата-бабамыз ислам дінін ұстанбады ма? Бес уақыт намазын қаза қылмай өтемеді ме? Олар қай қызына хиджаб кигізіп, тұмшалады? Қазақ қан жұтқан қайғының ортасында да қара түсті киім кимеген. Ақ орамалды қызы жат жұрттық атанып, өзге үйдің босағасынан келін болып оң аяғымен аттаған сәттен бастап тартқан,"- деді Аягүл Миразова.Ғұмырымның елу жылға жуық уақытын ұстаздыққа арнадым, әлі де осы салада еңбек етіп келемін. Кейінгі кезде жылт етпе жылтыраққа әуестігіміз артып, өзгенің салтына ықыласымыз ұлғайып бара жатқандай көрінеді. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғаннан орамал мен хиджаб дауы өршиді де, соңғы қоңырауға дейін ұласады, - дейді білікті педагог Аягүл Миразова. "Мектеп – білім нәрін құятын орта, баланың келешекте қандай мамандық иесі атанарына бағдар сілтейтін шаңырақ. Заң талабы барлығына да бірдей орындалады, бәрі де соған бағынуы тиіс. Бала кәмелеттік жасқа толып, өзі шешім қабылдайтын кезеңге жеткенде еркі біледі қандай киім киетінін. Сондықтан кез келген ата-ана баласын мектепке оранып келуін емес, білім алсын, оқысын, білікті маман атануына жол ашылсын деп қадағалауы керек. Ата-ана өзінің ұстанған бағыты, ой-пікірі дұрыс-бұрыстығын ескермей баласына таңып, мәжбүрлеп тели беруіне болмайды деп санаймын. Барлық бала бірдей, емін-еркін ойнап, жадырап жайнап жүріп қатарластары секілді білім алуға толық құқылы. Білім саласындағы талап біреу ғана болып, сол талапты орындауға ата-ана да, ұстаз да, мемлекет те міндетті болуы тиіс деп ойлаймын", деді Аягүл Миразова, №159 гимназияның директоры

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболшысы еуропалық командаға ауысты
Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды
Сенат Әділет министрін судьялық қызметінен босатты
Сенат Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтатты
«Қара халықты әдейі тобырға айналдырды!»: Меккеде жүрген Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекті сөз қылды
16 қаңтардағы ресми валюта бағамы
29 жастағы қазақстандық Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Әлемде: Оңтүстік Корея президенті ақыры қамалды, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс тоқтайды
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті
Біреуді балағаттаған, қорлаған постқа лайк басу - күнә! ҚМДБ үкім шығарды
Қазақстанда дарынды балаларға арналған алғашқы Абай ұлттық мектебі ашылады
Президент «жаңа олигархиядан» неге қорықты?
Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды
Поштамен есірткі алдырған алматылыққа сот үкімі шықты