Әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл жайлы айтыскер Сара Тоқтамысова Instagram парақшасында айтты.35 жасқа толған хитменнің әйелі шоу-бизнес өкілдерін шақырып, туған күнін жасаған. "Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы", - деді Сара Тоқтамысова су жаңа көлікті көрсетіп. Сонымен қатар Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова туған күн барысында торт кесті. "Жұлдыз әрқашан бақытты бол. Жұлдызың әрқашан жана берсін", - деп жазды Маржан Арапбаева желідегі парақшасында.