Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматыда 50 жас мерей тойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Туған күн кешіне продюсердің ет жақындарынан бастап, танымал шоу-бизнес жұлдыздарының бәрі жиналған. Өнер иелері Instagram парақшаларында кештен тікелей репортаж жасап, әдемі сәттерін бөлісті. Мерейтойға танымал әнші Қайрат Нұртас та келіп, сыйлығын берді. Ерте келген себебім осы костюмді Баян ханымға бергім кеп тұр, - деп әнші костюмін сыйлады. Ал Баян Мақсатқызы костюм туралы алдын-ала айтқанын атап өтті. Бұл менің қалауым еді. Мен Қайратқа ол ең әдемі, жылтыр костюмін киіп келсінші деп айтқан едім, - дейді Баян Мақсатқызы. Кеш ортасында Қайрат Нұртас өзінің "Туған күн" әнін арнайы шырқады.