Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Оған бұл жолы салық төлеуден жалтару айыбы тағылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты. Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен түскен пайдаға түрлі мүлік сатып алған. Ал ақшаны елдегі және шетелдегі банк шотына салған. Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Агенттік қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-тармағының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Жаңа жылдың басталғанына небәрі 10 күн болса да, тауарға негізсіз құн қосқандар анықталды. Мемлекеттік қызметкерлер көбінесе кеңсе тауарлары, жанар-жағармай мен азық-түлік бағасын мөлшерден тыс көтерген. Мәселен, Қостанай кәсіпкерлері дизель отынының бағасын бірден 2 есе өсірді. Ал Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйым басшысына 2 млн теңгеге жиһаз сатып алуды жоспарлаған. Бұл – нарықтық бағадан бір жарым есе қымбат. Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Түркістан» ӘКК» АҚ өз веб- сайтын қайта құру қызметі бойынша 11 миллион теңгеге лотойнатуды жоспарлаған. Мұндай қызметтер нарықта миллион теңгеден аспайды. Демек, екі есе көп өсімбайқалады. Антикор бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеу жөнінде ұсыныс енгізді. Нәтижесінде, аталған қызмет 4 миллион теңгеге сатып алынып, 7 миллион теңге үнемделді.