Қайта құрылған төрт облыста 4 тергеу изоляторы салынады

2024-2028 жылдары Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жаңадан 4 тергеу изоляторы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Сенат отырысында айтты. «Әлемдік стандарттарға жақындай түсу үшін сотталғандарды барақта жасақпен ұстау тәсілінен камерада ұстау тәсіліне көшу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір сотталғандарды камерада ұстайтын 9 мекеме бар. Онда 4 мыңнан астам сотталған азамат отыр. Биыл 8 тұрғын блогын қайта жарақтау жоспарланып отыр. Былтыр жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Қажетті қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде камерада отыратындардың үлесі 28 пайызға жетеді немесе 5,5 мың адам болады», - деді ол. Айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 абақты салу көзделіп отыр. «Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу аясында қайта құрылған Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында мемлекет бюджеті есебінен 4 заманауи тергеу изоляторын салу көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 аралас қауіпсіздіктегі камерада ұстайтын мекеме, 5 тергеу изоляторын салу жоспарланған», - деді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сатпақ болғандар анықталды
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
Жеңілістен көз ашпайтын "Астана" (ВИДЕО)
Елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан
Жапониядағы жаңа елші тағайындалды
Үкімет Ұлытау облысында мектеп салуға 1,2 млрд теңге бөлді
«Нәтиже жоқ»: Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таппаған
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елімізде өңдеу өнеркәсібі дамып келеді
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады