Қайыңдыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың деректер пайда болды

Алматы облысында Қайыңдыға барар жолда туристік екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы 30 шақты адам жарақаттанған. Олардың арасында шетелдіктер де бар. Жол апатына не себеп? Зардап шеккендердің қазір жағдайы қалай? Әріптесіміз Мөлдір Жақан анықтап көрді. Айнур Кунафин жұбайы және бір жастағы ұлымен Ресейден келген. Өңірдің әсем табиғатын тамашалауды жөн көріпті. Жол апаты салдарынан Айнур мен жұбайы Рада бел мен аяқтарынан ауыр жарақат алған. Айнур КУНАФИН, ТУРИСТ: Тау арасындағы жолсыз жермен жар үстінде кетіп бара жатқан едік. Бір кезде қарама қарсы жолға бір автобус зымырай ұшып келе жатқанын көрдім. Біздің көлік бірнеше рет аударылды. Қатты соққы алдық. Одан кейін ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам, бәріміз далада жерде жатырмыз. Абырой болғанда кішкентай ұлымыз дін аман. Айтуынша, оларды Шелектегі ауруханаға апарып, рентгенге түсірген. Кейін жағдайы тәуір-ау деген бір топ адамды Алматы көпсалалық клиникалық ауруханаға алып келіпті. Жол апатына олар автобус жүргізушісін кінәлап отыр. Рада КУНАФИНА, ТУРИСТ: Екінші көлікте болғандармен де тілдестік. Олар жүргізушінің қатты айдағанын айтып шағымданды. Тіпті, кейбіреулері жолай түсіп қалып, басқа көліктерге мініп кеткен екен. Көлікте қауіпсіздік белбеуі де болған жоқ. Бүгін біз елге оралуымыз керек еді. Бірақ жүріп-тұруымыз қиын. Сондықтан әзірге пәтер жалдап осында қаламыз. Демалыс орнына екі туристік компаниядан 17-18 адам барған. Көлсайға дейін өз автобуспен, әрі қарай Қайыңдыға сол маңнан арнайы көлік жалдайды екен. Бірақ Қайыңдыға анау- мынау көлік көтеріле алмайды. Ғалия ӘБДІРАХМАНОВА, BANANA TOUR ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қайыңдыға келген кезде біз УАЗиктер деген буханкаларға отырамыз. Біздің УАЗикте 7 адам болды. Жүргізушімен договорда отырмыз. Ол біздің наемный сотрудник емес. Олардан просто услуга алып жатырмыз. Өйткені Қайыңдыға басқа ешқандай машина бара алмайды. Бағлан БЕЙСЕМБИЕВ, SAYAHATTIKE ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Хабарды естігеннен кейін түнде больницаға бардық. 18 турист болды бізден. Бір адам қайтыс болды. Біздің жүргізуші емес ол, біз оларды жалдаймыз. Туристарға звондап жатырмын, телефонды алмайды. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына кеше 23 науқас жеткізілген. Қазір 9 адам ем алып жатыр. Оның екеуі -Үндістан азаматы. Бүгін төрт адамға операция жасалған. Бұдан бөлек Кеген аудандық ауруханасында бір науқас, Шелек ауылының аудандық ауруханасында 2 адам жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Соның ішінде кішкене жағдайы ауыр екі науқас бар. Біреуінің сан сүйегінің сынуы, біреуінің ортан бөлігінің сынуы. Кеше үштен бері операциялар жүріп жатыр. Жол апатынан 36 жастағы бір турист көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық ән-жайларн объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу жүргізуліде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды. Бұл істі тергеу барысын облыстық полиция департаменінің басшысы өз бақылауына алды. Туристік компания өкілдері зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
"Жазаны жеңілдетуге 110 миллион теңге сұраған": Шымкент қаласының судьясына қатысты тергеу аяқталды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады