Астанадан шыққан «Қайырымдылық керуені» су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтарға жол тартты. Игі іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастамашы болды. Шараға басқарманың елорда бойынша қалалық өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қоры», елорда имамдары, белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Олар Арқалық қаласына 25 тонна азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар жөнелтті. Бас мүфтидің айтуынша, бұл жоба республика бойынша қолға алынған және су басқан аумақтардың барша тұрғындарына көмек көрсетуді көздеп отыр. Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ: Қазақ халқында жалпы керемет дәстүріміз бар. Жылағанды жұбату, сүрінгенге сүйеу болу деген сияқты. Бүгін мінекей, ата-бабамыздан келе жатқан дүние, Алла Тағала жар болсын. Еліміз аман болсын. Мына су тасқынынан зардап шегіп жатқан жерлестеріміздің Алла Тағала сынағын жақсылықпен жалғасуына Алла нәсіп етсін.