Қаза болған орманшылардың отбасыларына 7 млн теңгеден, әр балаға 2 млн теңгеден төленеді

Дүйсенбі, 12 маусым күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізді.Кеңес төтенше жағдай кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың баяндауынша, 11 маусым күні кешке жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, өрт негізгі ошақтан оңтүстік бағытта таралған. Атап айтқанда, Талица ауылына қарай қалың түтін жүріп, орманның төменгі жағы өртенген. Елді мекенді қорғау үшін өрт сөндіру техникасы жедел іске қосылып, нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды. Түнде өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүрді: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс. Осының арқасында негізгі ошақ іс жүзінде қоршауға алынды. 12 маусымда таңғы сағат 06:00-ден бастап өрт сөндіру жұмыстары қайта басталды. Қазіргі уақытта 1 530 адам, 320 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.Сонымен қатар Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі ахуал және қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Премьер-Министр төтенше жағдай себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылғанын, оның құрамына салалық министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіргенін атап өтті. Әлихан Смайылов 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды. Оған қоса Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленетін болады. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.Сонымен қатар 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген. Қорытындылай келе, Премьер-Министр өрт ошақтарын ерте анықтау, бейнебақылау және мониторинг жүйелерін енгізе отырып, табиғатты қорғау және орман мекемелерін нормативтік материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру қажеттігін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
ӘЧ: Қазақстандық спортшылар үшінші рет ел рекордын жаңартты
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
85 млн теңге қарыз: Түркістан облысында заңды белшеден басқан жүргізуші ұсталды
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
"Дарын" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада көшенің ортасында көлік өртенді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Екібастұзда жылу желілерінің жарылуы салдарынан 10 жастағы бала күйіп қалды
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды: қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда тұрғын үй өртенді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
«Зәкеңді жақсы көрген жоқпын, ғашық та болмадым»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (Видео)