Хостелдегі өрттен қаза тапқандардың он бірі-қазақстандық. Сондай-ақ, Өзбекстанның бір азаматы мен бір ресейлік болған. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы. Әкім оқиға орнына барды. Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.