Қазақ әйелі ғарышқа қашан ұшады? - Аэроғарыш комитетінің жауабы

Қазақ әйелі қашан ғарышқа аттанады? Елімізде мұндай жоспар көзделген бе? Жалпы, бұрын ұшқан ғарышкерлеріміз қандай жаңалықтар ашты? Ғарышқа кімдер ұша алады? Massaget.kz тілшісі Аэроғарыш комитетіне сауал жолдаған.Осыған дейін қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998 және 2001 жылдар) және Айдын Айымбетовтың (2015) Халықаралық ғарыш станциясында ғарыштық зерттеулер мен тәжірибелер жасады. Жалпы алғанда бес бағдарламаны іске асырды."Ғарышкерлерді ұшыру арқылы жүзеге асырылған бағдарламалар республикада құрылып жатқан ғарыш саласының заманауи ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыруға шешуші үлес қосты. Оларды іске асыру нәтижесінде, Қазақстан Жерді ғарыштан зерттеудің теориялық негіздері саласында да, экономиканың әртүрлі салаларында ғарыштық бақылау технологияларын тәжірибеде қолдану жағынан да әлемнің жетекші елдерінің деңгейіне жетті. Бұл ретте, ғарышта өткізілген ғылыми тәжірибелердің нәтижелері Жер шарындағы экономикалық дамудың, адамзатқа қажетті түрлі игіліктерді жүзеге асырудың маңызды тетігі десек те болады", - деді комитет. Қазақстанның келесі ғарышкері ғарышқа қашан ұшады?Тағы да бір қазақстандықтың ғарышқа ұшуына келетін болсақ, ғарышкерді ұшырудың басты мақсаты – ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу, ғылымды дамыту."Яғни, ең алдымен ғарышта тәжірибелер өткізу үшін ғылыми бағдарлама болуы керек. Бұл маңызды ғылыми дайындық пен мұқият жоспарлауды қажет етеді. Ғарыштық ұшулар қауіпті және күрделі іс-шаралардың жиынтығы екенін ескеру маңызды. Ғылыми бағдарламаны әзірлеу кезінде біз ықтимал қауіптер мен ұшу мәселелерін талдауға және алдын алуға баса назар аударамыз.Қазіргі уақытта Қазақстанның жетекші ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, Халықаралық ғарыш станциясында эксперименттердің алтыншы ғылыми бағдарламасын дайындалуда. Жұмыстардың күрделі әрі жан-жақты талдауды қажет ететінін ескеріп, қазақстандық ғарышкердің қай кезде ұшатынын нақты айту мүмкін емес. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда",- деп жауап берді Аэроғарыш комитеті. Ғашыркерлер қалай таңдалады? Ғарышқа кандидаттарды іріктеу арнайы қағидаттармен іске асырылады. Бұл министрліктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №493 бұйрығымен бекітілген. Оның ең төменгі талаптары осындай:"Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс. Жасы 18-ден жоғары және 40 жастан аспауы керек және жоғары білімі болуы шарт. Осыған байланысты болашақта әйелдерде да таңдалып, ғарышқа аттануға мүмкіндігі бар. Басында айтқанымыздай, жалпы ғарыш мәселесінің күрделілігіне байланысты әлі де нақты шешімдер қабылданған жоқ", - деді комитет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады