"Қазақ боксы биігінен түсті"

"Қазақ боксы биігінен түсті"

Бұл апта біз күтпеген ірі ауыс-түйіспен басталды. Дүйсенбі күні Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді.33 жастағы Шахмұрат Мүтәліп осы ұйымды төрт жыл басқарған Кеңес Рақышевты алмастырды. Олимпиадаға аз қалғанда мұндай қадамды күтпегеніміз анық. Бірақ соңғы кезде басынан бұлт арылмаған отандық бокста әйтеуір бір өзгерістің болары анық еді, деп жазады "Айқын" газеті. Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметіне Шахмұрат Мүтәліп келді. Дереккөздерге сүйенсек, жаңа басшының өзі де кезінде бокспен шұғылданған. 33 жастағы маман Малайзияда білім алып, бүгінге дейін бизнес саласында қызмет етіп келді. Ал жасөспірім шағында былғары қолғабын біржола шешкен ол араға жылдар салып, шаршы алаңға қайта оралып отыр. Енді ол спортшы емес, осы саланың функционері ретінде жұмыс істеп көрмек. Кәсіби боксшы Жанқош Тұраровтың айтуынша, Мүтәліп те мәрттігімен танымал екен. Ол жуан жұдырықты жігіттерге әрдайым қолдау көрсетіп келіпті. Тек мұнысын көпшілікке жария қылмаған. Шахмұрат – бокс десе ішкен асын жерге қоятын, әрбір қазақ боксшысы үшін шынайы жанкүйер болатын жан. Оның талай спортшыға дем беріп, қолдау көрсеткенін ешкім біле бермейді. Менің спорттағы даңғылымда да Шахмұрат досымның демеуі көп болды, – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі ресми парағында. Қазақ жанкүйері үшін нөмірі бірінші спорт түрі саналатын бокстағы мұндай өзгеріс не үшін қажет болды? Біздің болжам бұл ауыс-түйістің артында Токио Олимпиадасы мен Азия ойындарындағы сәтсіздіктің тұрғанына саяды. Осы аралықта әлем чемпионаттарынан жеңіп алған алты алтын да ақшалы һәм тәжірибелі Рақышевты құтқарған жоқ. Неге? Біріншіден, соңғы кездері қазақ боксына сын жиі айтыла бастады. Оған себеп те жоқ емес. Тәуелсіздік алғалы бері Олимпиададан алтынсыз қайтпайтын боксшылар Токио төрінде екі қоланы қанағат тұтты. Атлантадан кейін биігінен түспеген қазақ боксының нағыз құлдыраған шағы осы болатын. 2020 жылғы жазғы ойындар біздің боксшылардың дәрменсіздігін көрсеткен алғашқы ірі жарыс ретінде тарихта қалды. Екіншіден, әлем чемпионаттарында жеңіп алған алты алтын медальді (Белград, 2021 – 2 алтын, Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов; Ташкент, 2023 – 4 алтын, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай) ХОК мойындайтын бәсекелерде қорғау мүмкін болмады. Естеріңізде болса, Халықаралық Олимпиада комитеті Халық¬аралық бокс қауымдастығын (ІВА) мәртебесінен айырып, аталған ұйым өткізетін турнирлерді мойындамайтынын мәлімдеген. Қазақстан ІВА-ға балама ұйым ресми түрде құрылмағандықтан, ресейлік Умар Кремлев ұйымдастырған екі әлем чемпионатына қатысты. Бірақ мұндағы жетістікті лицензиялық жарыста қайталау тағы да қолымыздан келмеді. Үшіншіден, Ханчжоудағы Азия ойындарында болған сәтсіздікті еске салайық. Халықаралық Олимпиада комитеті өткізген бокс турнирі төрешілік тұрғысынан көп сұрақ қалдырса да, командадағы бірді-екілі боксшыдан басқасы қарсыласын айқын басымдықпен ұта алмады. Әдетте, Олимпиададан неше алтын аламыз деп бас қатыратын жанкүйерлер енді қанша жолдама бұйырады деп алаңдаулы. Яғни, әлемдік бокс алпауыттарымен бір қатарда тұратын қазақ боксы жүлде түгілі, жолдамаға қуанатындай мүшкіл халге жетті. Төртіншіден, халықаралық қатынастардың дұрыс жолға қойылмауы себеп. Қазір әлемдік жарыстарда Қазақстан атынан қызмет ететін төреші таппайсыз. Әлемдік ұйымдарда еңбектенетін мамандарымыз да жоқтың қасы. Осының салдарынан тең дәрежеде өткен жекпе-жектерде біздің спортшыларды қарсыласқа жығып беретін сәттер көп. Тіпті, жоғарыда демеу болатын тұлғамыздың жоқтығын білетін бапкерлер де күмәнді кездесулерден соң төрешілерге шағым түсіруге құлықсыз. Қанша жерден әділдікті жақтасаң да, халықаралық федерацияларда бір өкілің болғаны біраз мәселені шешетінін мойындау керек. Сондай-ақ ұлттық құрамадағы ауызбіршіліктің бұзылуы, қыздар командасындағы бітпейтін дау-дамай мен бапкерлердің өкпе-реніші де федерацияның беделіне біраз нұқсан келтірді. Мәселен, Азия ойындарынан соң командадағы кейбір боксшылардың бірлікте болмағанын бас бапкер Мырзағали Айтжановтың өзі айтты. Ал қыздар құрамасында бір дау бітсе, екінші даудың шеті шығарына етіміз үйреніп қалды. Бұған дейін Ангелина Лукас үнемі шу шығарып келсе, енді олардың қатарына Надежда Рябец қосылды. Ел чемпионатын екі рет ұтқан Владислава Кухта есімді талантты боксшының құрамадан орын таппай, Венгрия азаматтығын алғаны да федерация жұмысында біраз олқылықтың барын көрсеткендей. Әрине, жаңа басшы мұның бәрін Париж Олимпиадасына дейін шешеді деп ойлауға ерте. Қазіргі міндет – боксшылардың бұған дейінгі дайындығына кедергі келтірмей, олардың алаңсыз жаттығуына мүмкіндік жасау. Шахмұрат Мүтәліптің жұмысына біз Париж Олимпиадасынан кейінгі циклде баға береміз. Бір анығы, оның алдында тұрған міндет көп. Әсіресе, командадағы атмосфераны реттеп, халықаралық қатынастарды жолға қойып, қазақ боксының жеңісті дәстүрін қайта жалғастыру керек-ақ...

ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
  • baq.kz
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
  • el.kz
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
  • Massaget
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
  • baq.kz
  Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
  • baq.kz
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
  • sn.kz
  Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
  • aikyn
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
  • Massaget
  «Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
  • aikyn
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
  • Massaget
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
  • el.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
  • aqshamnews
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
  • baq.kz
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
  • baq.kz
Парламент президентке импичмент жариялады
Парламент президентке импичмент жариялады
  • aqshamnews
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
  • Massaget
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
  • sn.kz
  Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
  • aikyn
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
  • baq.kz
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
  • turkystan
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
  • baq.kz
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
  • aqshamnews
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Әскери қызметші әлем чемпионы атанды
Әскери қызметші әлем чемпионы атанды
  • el.kz
Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы матчта төрт шайба соғылды
Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы матчта төрт шайба соғылды
  • penalty
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
  • turkystan
Астанада пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды
Астанада пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды
  • turkystan
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды