Қазақ киносы Голливуд фильмдерін басып озды. Отандық туынды небәрі екі аптаның ішінде шетелдің ең мықты жұлдыздарымен қомақты қаржыға түсірілген туындыны жолда қалдырған. Миллиардтан аса касса жинады. Елімізде киноиндустрия дамып келеді. Осыдан 5 жыл бұрын кинотеатрларда қазақ фильмдерін таңдап көру былай тұрсын табу қиын болды. Ал қазір нарық кеңейген. Былтыр прокатқа 80-ге жуық туынды шықты. Оның 56-сы комедия.Ғасырға жуық мерзімді кері шегерсек, қазақ киносының тәй-тәй басқан қадамына куә боламыз. Бастапқы жылдары бәріне оңайға соққан жоқ. Өзіндік қиындықтары болды. Алғаш рет 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясында түсірілген «Амангелді» фильмі көгілдір экранға жол тартты. “Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!”. Ғасыр уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, маңызы үдей түсті. Түрленді, жанры өзгерді, заман талабына сай жаңалық енгізді.Әшім АХМЕТОВ, АКТЕР:Осыдан біраз жыл бұрын ғана 3-4 айда бір кино шығып жататын. 1-2 кино ары кетсе. Қазір өзіміздің отандық кинолар аптасына 2-3 шығады. Осыдан біраз жыл бұрын кинотеатр жағасын алысы Америкадан, берісі Ресейден келген фильмдер жаулап алған еді. Голливуд туындыларының сойылын сүйрегендіктен отандық фильмдердің үлесі тым аз болды. Бірақ қазір бәрі басқаша. Бәсекелестік артты. Демек, көрерменде таңдау бар. Продюсер прокатқа шығатын картиналардың жартысына жуығы, отандық өнім екенін айтады. Жадыра СҚАБЫЛ, ПРОДЮСЕР:Біздің киноиндустриямыз өте жоғары деңгейде өсіп жатыр. Мен оған сенемін, мақтанамын. Мен осы салада жүргеннен кейін, біздің өзіміздің деңгейміз тек қана Қазақстанның ішінде ғана емес басқа шет мемлекетке дейін түсіріп, тәжірибесімен бөлісіп жүрген талай продакшндарды көрдім. Кино – адамға эстетикалық ләззат сыйлайтын көркем туынды. Фильмдi тамашалаған көрермен одан тәлiм-тәрбие алып, ой түю керек. Бұл өндіріс жыл сайын миллиондаған табыс әкеледі. Олжас ӘЛЖАНОВ, АКТЕР:Менің ойымша, біздің елде барлығы шаршаған, жұмыс, стрессте жүреді. Киноға не үшін келеді адамдар? Жеке басым киноға келетін кезде демалуға келемін. Ауыр, қатты ойландыратын киноға келсем, өзімде шаршап жүрген адаммын, одан да ауырлық тиюі мүмкін. Былтыр прокатқа шыққан 74 отандық туындының 65-сы комедия. Қалжыңы көп киноның сейілмей, керісінше көбеюі сұраныстың артқанынан, - дейді актерлар. Жұрт күйбең тірліктен шаршаса керек, көңілді сергітетін фильм көруге асығады. Бүгін ғана көрерменге жол тартқан «Еркебай» туындысын тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. Расул БАУЫРЖАН, АКТЕР:Менің арманым, Марвелға түскім келеді. Мен Еділ аға, Әшім ағадан тәжірибе алдым десем болады. Олар көптеген мықты киноларға түскен. Қазір кино алпауыт күшке айналды. Жақсы фильм - мәдениеттің тірегі, арзаны - күйреуі. Сондықтан Мемлекет басшысының өзі биылғы Құрылтайда бұл мәселеге ерекше тоқталды. Тапсырма берді.