«Қазақ кредит алып той жасайды»

Қазақтың тойы - бәсекеге айналды. Қазір дүбірлі думан мәртебелі мақтаныш, қалыс қалуға болмайтын жарыс іспетті. Байлар барын шашады, кедейлер кредит алып, қарызға батады. Сонда да баламның тойын былыққа батсам да өткізем дегендердің қатары азаяр емес. Той жасау даңқ па, дақпырт па? Аружан Задабек зерттеді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Қыз баласы үшін тойға дайындық – жауапты кезең. Тойханасы бар, асаба табу керек. Ал, той көйлегінің жөні, тіптен, бөлек. Сол маңызды шаруаны тыңдыруға мен де келдім. Кәсіпкер Гүлмира Мақажанова «той бар жерде ақша бар» дегенді ұстанады. Сондықтан ойланбастан осы салаға келдім – дейді. Гүлмира МАҚАЖАНОВА, КӘСІПКЕР: Жазда бізге сезон дейді ғой, неғұрлым көбірек болады. Наурыз айынан кейін, ораза айы біткеннен кейін жазғы сезон басталады. Ол кезде кем дегенде 2 клиент келеді. Аптасына 3,5 клиент келеді. Қыздардың таңдауына байланысты. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Тойда өзіңді ең әдемі ханшайым ретінде сезіну – өте маңызды. Маған дәл осы көйлек ұнап тұр. Жалға беру бағасы қанша? - 60 мың теңге. Таңдауым осы көйлекке түсті. Ұзату көйлегімді дайын деп есептеуге болады. Жастар ойлағандай той бір көйлек, бір костюммен шектелмейді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Тойға дайындалу кезіндегі тағы бір үлкен мәселе – құда-құдағиға арнап сый-сияпат тапсыру. Яғни, оған киіт кигізу, осындай күміс, алтын тағу да кіреді. Кешіріңіз, маған осы тойға ең көп өтетін, құда-құдағиға тағуға болатын заттарды көрсетесіз бе? Баға жағынан да ыңғайлы болатын Өткен ғасырларда бойжеткен қыз қара шаңырақтан ұзатылса, қазір мейрамханадан шығарып салу сәнге айналған. Келетін қонақтың саны орта есеппен -150-200 адам. Қарлығаш Бекпатшақызы тойда ақшадан шашу шашып, матамен мадақтаудың, алтынмен әспеттеудің қажеті жоқ дейді. Байырғы қазақ дәстүрі бойынша ырымын жасаса жеткілікті екенін айтады. Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Әркім шамасына қарай жасау керек та. Бұл жерде шамаң келмейтінге қатты шашылып, қарызға батып жатады. Бұл жастардың келешегіне де зиян, ата-анасына да ауыр. Бұл жерде жағдайға қарап, шамамен жасаса бәрі орнымен болады. Дарақылықты жою керек, тоқтату керек. “Басқа тойды тойламасаң, тойлама, екі жастың бақыт тойы тойлансын”. Той десе ішкен асын жерге қоятын халықтың ұраны бұл. Бірақ думан өткізем деп, қарызға белшеден батқандар қаншааа. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Той қазір байдың барын шашады, жоқтың, ұлы сөзде ұят жоқ, артын ашатын деңгейге жетті. Өйткені қазір бір-бірінен қалмау керек. Тойда жұлдыздар өнер көрсетуі керек. Тойда мықты-мықты адамдар керек. Тойдың сәнін келтіретін, мәртебесін көтеретін. Сол үшін де барын салады. Той жасау үшін кемінде 10-15 миллион теңге керек. Былай қарасақ, бұл ақшаға Алматы мен Астанадан бір бөлмелі үй, Шымкенттен 3 бөлмелі баспана алуға болады- дейді экономистер. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Сенаторлар өңірлерге барады
Депутаттар есеп берді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?