Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тоннаға жуық бұзылған шие анықталды

 Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тоннаға жуық зарарлы шие анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады. Өткен аптада Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекеттерінде Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген шиенің транзиттік карантинге жатқызылған өніміне инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізді.Сол кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының 2 жағдайы анықталды.Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асады.ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.Сонымен қатар, зарарлы өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды.Естеріңізге сала кетейік, дрозофила — кішкентай шыбындар (жеміс шыбындары), олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм, әдетте қоңыр-сұр денелері мен қызыл көздері бар.Дернәсілдері өсімдік тектес субстраттарда дамиды.Шыбындар шіріген көкөністер мен жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сириядағы террорлық ұйым қатарында болған екі қазақстандық сотталды
Усик Фьюримен екінші айқастағы төрешілер шешіміне қатысты ойын айтты
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды