Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Министрліктің мәліметінше, жүк көліктерінің кептелісі жеміс-көкөніс өнімдерін тасылмалдау мен жазғы кезеңде жолаушылар ағынының өсуіне байланысты пайда болған. “Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара аумағында, оның ішінде өткізу пункттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, тәулігіне орташа есеппен шекараны 350-400 жүк көлігі кесіп өтеді", – делінген министрлік хабарламасында. Сонымен қатар, қос елдің фискалдық органдары көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар атқарып жатқаны да атап өтілді.