Қазақ қыздарын интимдік қызметке тартқан Шымкент тұрғыны 8 жыл түрмеде отыратын болды

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Бахрейн Корольдігінің қонақ үйлерінде «Адам саудасы» және «Кәмелетке толмағандардың саудасы» жөніндегі қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.Бахрейн Корольдігінде екі қазақстандық қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрледі деп айып тағылған Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны наурыз айында қамауға алынған болатын. Оған ҚР ҚК 128 «Адам саудасы» және ҚР ҚК 135 «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа берілді. Сотталушының бірнеше ай бұрын дүниеге әкелген баласының барын ескере отырып Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы сотта өзінің кінәсін мойындамады. Оның қорғаушысы апелляциялық шағым түсіріп, үкімге шағымданды. Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ. «Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен сотталушыға қатысты Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Бірінші инстанцияның үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, жазасын жалпы тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тайсон Фьюри тосын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сирек фотосуреті жарияланды
Талғарда полиция басшысы тағайындалды
Алматы әкімі автобус жүргізушісіне не үшін алғыс айтты?
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Түркістан облысының 1 млн тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі
«Бекболат Тілеухан талақ айтты, менсінбеді»: журналист Мұхамеджан Тазабекті сынға алды
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертеді
"Ұшақта адам құтқарамын деп ойламаппын". Студент жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды
«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Елімізде студент жастарға мемлекеттік қолдау артады