Енді қазақ-өзбек шекарасынан өтетін энергия ресурстарына бақылау күшейтіледі. Мұны қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Қос тарап келісімге 2 жыл бұрын Астанада қол қойған. Құжатта мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасы талаптарын бұзу деректері жайында ақпарат алмасу қарастырылған. Министр бұл келісім елімізге әлеуметтік-экономикалық, құқықтық жағынан теріс әсерін тигізбейді - дейді. Тіпті, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты. Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: Келісімнің мақсаты - Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттыру. Келісімде Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру көзделеді.