Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептелісте тұр. Шымкент пен Ташкент арасындағы үлкен жолдың бойындағы тізбек бірнеше шақырымға созылады. Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көлік жүргізушілері кезектің тым баяу жылжып жатқанын айтады. Жүргізушілер түнде мүлдем тұрып қалған.Бахыт ЖИЕНБАЕВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Сағат ондарда келіп тоқтағанбыз. Содан міне әлі тұрмыз. Онда келіп тоқтағаннан бері көп болса 200 метр қозғалдық па қозғалмадық па...Кезек түк жылжып жатқан жоқ. Кешке мүлдем тұрасың. Егер ақша берсек өтуге болады. Бірақ осында тізіліп тұрған өзге жүргізушілерді де ойлауымыз керек қой, бәріміз жолда жүрген адамбыз. Сондықтан алдын орап кетуге дәтіміз бармайды. Дилмурод БАКИРОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Бір ғана дәретхана бар. Асхана анаау жақта. Алысқа ұзап кеткенде өзгелердің жолын бөгеп немесе кезектен шығып қалуың мүмкін. Жіпсіз байланып отырғанымыз сол, амалсыз... Алжауаптылар шекарадағы кептелісті Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» бекетінің уақытша жөндеуге жабылуымен байланыстырып отыр. Сол себепті жүк көліктері аумақтағы үш бекет арқылы өткізілуде. Сондай-ақ, бұған екі ел арасында тауар тасымалының шамадан тыс артуы да себеп болуы мүмкін. «Қазығұрт» бекетінен бұрын күніне 10 жүк көлігі өткізілсе, соңғы уақытта оның саны 250-ге жеткен. Мәселені реттеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Айнұр САРТАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өзбекстан мемлекетінен көптеп әкеліп жатқан жайы бар елімізге. Содан бөлек, Қазақстаннан бөлек Ресей Федерациясына да транзит арқылы Қазақстан арқылы осындай көкөніс өнімдерін алып кетіп жатыр. Кеденшілердің штаттық саны көбейтілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта барлық кедендік бақылау шараларын жүзеге асыру шараларына қатысты тездетіп жасалу жұмыстары да жүзеге асырылып жатыр.