Қазақ телевизиясына– 65 жыл!

Қазақ телевизиясына-65 жыл. Бүгін осыған орай қара шаңырақта салтанатты шара өтті. Мерейтойға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, теларна ардагерлері, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы – 4 республикалық телеарна, 15 аймақтық арна, 4 радио мен 20-дан астам интернет порталды біріктіретін еліміздегі ең ірі медиақұрылым. Бірегей арнаның бұрынғы басшысы, қазіргі ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қарин телеарнаны мерейтоймен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды. Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ: Қазақстан – қазақ журналистикасының ұстаханасы. Телевизия саласының көптеген майталманы Ұлттық арнадан шыңдалып шыққаны белгілі. Осы орайда жас ұрпаққа тәжірибесін үйретіп, тағылымды тәрбие беріп жүрген аға буын өкілдеріне шынайы алғысымды білдіргім келеді. телеарна журналистері әрдайым халық үшін еңбек ете береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін. Жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын! Қасым-Жомарт Тоқаев. Мәдениет және Спорт министрі Асхат Оралов та өзінің жүрек жарды тілегін айтып, бұл арнаның ел үшін алар орны ерекше екенін атап өтті. Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Үлкен телеарна. Қазақстанның барлық аумақтарында, барлық аудандарына, шалғайдағы ауылдарына көрсетіледі. Сондықтан қазір мемлекетте болып жатқан саяси өзгерістерге де назар аударып, қарапайым халыққа түсінікті тілмен барлық хабарды, ақпаратты жеткізуде. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, барша біздің БАҚ өкілдеріне, «Қазақстан» корпорациясына алғысымды білдіремін. Мерейтойға орай қазақ телевизиясында әр жылдары қызмет еткен ардагер-журналистер, дикторлар, режиссерлер мен спорт комментаторлары мерейтойлық медальдармен марапатталды. Олардың арасында арнада 1998 жылдары еңбек еткен - Роза Жүніс те бар. Роза ЖҮНІС, АРДАГЕР-РЕДАКТОР: Бүгін қуанышты күн. 65-ке келіппіз. Әдемі болып, жас кезімізден бастап осы телеарнада жұмыс істедік. Мен келгенде 22-23-те ғана болғанбыз. Бүгін үлкен мереке. Бәріміз қуанып жатырмыз. Осы мереке мерекеге ұлассын дегім келеді. 1958 жылы 8 Наурызда Алматы студиясы арқылы алғашқы сигнал бүкіл елге тарады. Тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 4100 теледидардан тамашалаған. Бастапқыда күніне 5 сағат қана хабар берілді. 70-жылдары эфир телебайқаулармен, 80-жылдары ток-шоумен толыққан. Сан түрлі өзгерісті бастан кешкен қазақ телевизиясының қара шаңырағы-Ұлттық арнаның 65 жылда халқымыздың рухани құндылықтарының дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кешкі вальс: алматылық зейнеткерлер жаңа жылдық мерекені қалай атап өтті
Қазақстандағы авиакомпаниялар кезектен тыс тексеруден өтетін болды
Апатқа ұшыраған әуе кемесін басқарған ұшқыштар туралы не белгілі?
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды