«Қазақ тілі ғылым тіліне айналуы қажет». Тіл жанашырлары Алматыдағы «Сөйле» тілдесу клубының отырысында осылай деп пікір білдірді. Жиын барысында олар ана тіліміздің қазіргі жағдайын талқылап, өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерге тоқталды. Атап айтқанда, калькасыз қазақ тілін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және қазақтілді контенттің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. «Менің елім-менің тілім» жобасы аясында өткен шараға Яков Федоров, Бақытжан Бұқарбай, Назгүл Қожабек, Дастан Аққожа сынды қоғамдық пікір көшбасшылары атсалысты. Айта кету керек, қазір Алматыдағы 3 ауданда қазақ тілін үйренушілерге арналған «Сөйле» тілдесу клубтары жұмыс істейді. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:«Сөйле» клубы бізде «AMANAT» партиясының Жастар рухы Жастар қанатымен екі жыл бұрын басталған болатын. Қазіргі таңда 12 аймақта бізде тілдесу клубтары бар. Ол жерге кез келген адам келіп, қазақ тілін тегін үйрене алады. Бізде кәсіби мамандар жұмыс жасайды, тренерлер. Солардың қатысуымен қазақ тілін үйренуге болады.