"Қазақ тілін трендке айналдыру - радионың басты мақсаты", - Мейрамгүл Мәдәлі

Елорданың үздік радиосына биыл - 10 жыл! «Кешкi time», «То самое шоу» секілді тұрақты бағдарламаларымен тыңдарман жүрегіне жол тапқан радио күн сайын дамып келеді. Болашаққа жоспарлары қандай? Тілшіміз Аружан Серік айтады.Аружан СЕРІК, ТІЛШІ: Оқу оқып жүргенімде "Журналистиканың қай саласын таңдайсың?» деп сұрағанда, радиоға барам деп ойладым. Себебі, радио – шартараптан ең жедел хабар жеткізетін арна. Музыкасымен де тыңдарманды баурап алады. Ендеше, оның жұмысы, студиядағы атмосферасы қандай? Бірге білейік! Микрофон, көтеріңкі көңіл-күй, сүйікті әндерге толы плейлист. Ең үздік радиолардың бірі – Orda FM-ның студиясындағы атмосфера, міне, осындай. Биыл радио үшін айтулы жыл. Себебі, 10 жылдық мерейтой! Аружан СЕРІК, ТІЛШІ: Қайырлы күн, қадірлі тыңдарман! Әуе толқынында - «ORDA FM» радиосы. Микрофон тізгінінде Аружан Серік деп радиотілшілер 24\7 хабар таратады. Қызықты ойындар ойнатады. Түрлі бағдарламалар жүргізеді. «Кешкі Time» бағдарламасының тізгінінде отырған жүргізушісі Майра Төлепберген. Ол 16 жылдан бері әуе толқынында қызмет етіп келеді. Сыңғырлаған дауысын, әуезді үнін тыңдарман бірден таниды. Майра ТӨЛЕПБЕРГЕН - "ОRDA FM" РАДИОЖҮРГІЗУШІСІ: Эфир жүргізуді жұмысым емес, хоббиім дер едім. Студияға келгенде мен кәдімгідей энергия жинаймын. Медианың түрлі сферасында жұмыс істедім. Бірақ радионың аты – радио. Радио өз жұмысын 2013 жылдың 22 наурызында бастады. Алғашында «Іскерлер радиосы» деп аталған. Кейін қала тұрғындарының радио ордасы болсын деген ниетпен «Orda FM» деп өзгерді. Ал алғашқы қонағы Батырхан Шүкенов болған. Азамат ИСАЕВ, "ОRDA FM" РАДИОСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ДИРЕКТОРЫ: Біздің тыңдармандарымыз, тіпті, хабарласып, «Біз шықпаймыз 10-ға дейін, сосын барып үйге қайтамыз» дейтін. Көлігінде отырып, «Кешкі time»-ді тыңдап, сосын 10-да аяқтала ма, машинасын құлттап, үйіне кіретін тұғын. Музыкадағы жоғары талғам – «ORDA FM»-ның басты артықшылығы. Тыңдарман көңіліне қазақ тілді, заманауи әндер арқылы жол тапқан. Мейрамгүл МӘДӘЛІ, "ОRDA FM" РАДИОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз қазақ әндерін трендке айналдыру арқылы қазақ тілін трендке айналдырып жатырмыз десек болады. Бұл – біріншісі. Екінші – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Ұлттық Банкпен бірлесіп, «Қаржылық сауат» деген үлкен жоба аштық. Алдағы жоспарларымыздың бірінде Жастарға арналған программа бар. Орда ФМ-ның өрісін кеңейту мақсатында тек екі қаланы емес, бүкіл республиканы қамту жоспарланған. Сондай-ақ, өз әндерімді радиода шығарғым келеді деушілерге есігі ашық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Доллардың бүгінгі бағамы
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz