Қазақ тілін үйренуге құштар жандардың саны күннен күнге арттып келе жатыр. «AMANAT» партиясының «Менің елім – менің тілім» жобасы мемлекеттік тілді меңгергісі келетіндерге таптырмас құралға айналуда. Бұл «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінде сөз сөйлеген жас волонтер Ариана Белобжицкая айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.«Мен мақтан ететін жобалардың бірі – «Менің елім – менің тілім». Осы жобаның арқасында Астана, Алматы қалалары және өзге 10 облыста қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін «Сөйле» атты клуб ашылды. «Сөйле» клубы арқылы қазақ тілін үйренуге құштар жандардың саны күннен күнге артып келе жатыр. Алматыдағы осындай жобаның бірінде мен мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесімді қосып келемін», - деді Ариана Белобжицкая. Оның айтуынша, «Жастар рухы» өзге жандардың әдемі өмір сүруіне ықпал ете алады. Қазір елімізде жас «аманаттықтар» саны 100 мыңнан асты. «Әулиекөлде болған өрт кезінде дәл мендей 1300 жас сол жаққа барды. 1200 ерікті Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетті. Өзгерістің бастамасы осы деп білемін. Әлем өзгеруде. Мемлекет қайта жаңғыруда. Партия бағдарын айқындады. «Жастар рухы» жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, оларды қолдау мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл – рухтастар көрсете білген алып күш. Осындай ел болашағын айқындайтын жауапты кезеңде біз – жастар, өзіміздің бар ынта-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз», - деді ол.