Қазақ тілінде білім беретін балабақшаларға сұраныс артқан

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілінде оқытатын топтарға сұраныс артып келеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты.Министрлік мәліметінше, Қазақстанда 11 мың 104 мектепке дейінгі ұйымда 1,1 млн-нан астам бала қамтылып отыр. Соның арасында балабақшалардың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде оқытып жатыр. Қалған 30 пайызы аралас балабақша болып саналады. «Балабақшаларда қазақ тілінде білім алуға қатысты сұраныс артып келеді. Әсіресе, жас ата-аналар жағынан сұраныс көбейіп келеді. 2022 жылы жаңа оқу бағдарламасы енгізілген еді. Онда әр жастағы топтарға арналған тиісті норма ескерілген», - деді М. Адамова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева былтыр ашылған балабақшалардың 98 пайызы қазақ тілінде білім беріп жатқанын айтты, «Осы орайда қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарына сұраныс артып келеді. Егер бала кішкентайынан қазақ тіліндегі сөздерді меңгере бастаса, онда ол отбасындағы басқа да адамдарға ықпал ететіні белгілі», - деді департамент басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істеп жүр. Оның ішінде ауылдарда 41 596 (42,7%), ал қалада 55 811 (57,3%) адам қамтылған. Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде білім беріп жатыр. Кейінгі 4 жылда балабақша кезегінде тұрғандар саны екі есеге азайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды