Қазақ тілінде компьютерлік ойын әзірлеушілер 3 миллион ұтып ала алады

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО 2024 жылдың шілде айында мемлекеттік тілде компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында хакатон өткізбек, деп хабарлайды BAQ.KZ. 1-орын үшін – 3 миллион теңге. Байқау Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады. TIL-QAZYNA PLAYGROUND атты байқауда үміткер командалар өзара бақ сынасады. Хакатонның мақсат-міндеті – ойын арқылы қазақ тілін үйретудің тың идеяларын жинақтау, қоғамға қажетті қазақ тілінде компьютерлік ойын әзірлеу, сол арқылы мемлекеттік тілде сөйлеушілер санын арттыру, ойын дайындау саласындағы жас мамандарды ынталандырып, олардың тың идеяларын насихаттау. Сайыс шарты бойынша сайыс барысында қатысушылар геймдизайн, компьютерлік ойын прототипі мен демо нұсқасын дайындауы қажет. Командалардың өтінімін қабылдау және тіркеу 2024 жылдың 18 маусым – 5 шілде аралығында жүргізіледі. Іріктеуден барлығы 5 команда ғана өтеді. Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезең – іріктеу, 2-кезең – жеңімпазды анықтау. Іріктеуден өткен 5 команда Астана Hub-та өтетін офлайн форматтағы 2-кезеңге шақырылып, қазылар алқасы алдында жұмыстарын қорғайды. 1-орынға ие болған 1 командаға 3 000 000 тг қаржылай сыйлық немесе жобаны толық аяқтау үшін арнайы шарт жасалады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді
Әскер қатары толықты
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін 65 орталық бар
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді
Пияздың пайдасы мен зияны
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасындағы қате үшін зейнетке шыға алмады