Желіде америкалық пен африкалықтың қазақ тілінде сөйлесіп тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда америкалық пен африкалық ер адамдар қазақша тілдесіп тұр. Африкалық ер адам америкалықтан "қазақша сөйлейсіз бе?" деп сұрайды. Америкалық Рауан қазақ тілінде сөйлей алатынын, Қазақстанға 20 жыл бұрын келгенін айтады. Рауанның шын есімі - Рональд.Ал африкалық ер адам өзін Әбдікәрім деп таныстырады. "Менің руым - қоңырат. Аман болыңыздар, жарайсыздар. Бәріңе сәлем, ағайындар", - дейді ол.