Digital Almaty форумының көрмесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына Цифрландыру саласындағы қазақстандық компаниялардың жетістіктері көрсетілді. Форумда "Яндекс "компаниясының өкілі Даниил Шулейко үкімет басшыларына елімізде 10-нан астам сервис жұмыс істейтінін айтты. "Алиса" жасанды интеллект қазақша сөйлей бастағанын атап өтті. Ол ана тілдегі қосымшаларға сұраныс бір жылда 2 есеге артқанына айрықша тоқталды. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Отличная новость! Керемет жаңалық! Михаил Владимирович, ресейлік әріптестерді және Яндекс компаниясын қазақ тілін қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді.