Қазақ тілінен республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасы өтті. Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесінің іріктеу турына 2000-ға жуық оқушы қатысқан. Соның ішінен үздік шыққан 200 - ден астамы ақтық сында 5 бағыт бойынша бақ сынады. Сайыс жеңімпазы жоғары оқу орнында тегін білім алады. Жобаны жүзеге асыруға оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қайырымдылық қоры және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды.Мадина ЛАИФУЛЛОВА, ҚАТЫСУШЫ: Мен өзім жоғары деңгейде дайындалдым. 1 айдай уақыт кетті. Барлық тақырыпта мақал-мәтелдер жаттап ертегілердің бәрін оқып нақтылып дайындалдым. Қуат ҚОЖАХМЕТОВ, "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚК ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Үш кезеңнен тұрады бұл шара. Олимпиаданың нәтижесінде қатысқан 11 сынып оқушыларға Сүлейман университетінің гранттары беріледі. Яғни бұл олимпиаданың жүлде алған оқушылар өз университеттеріне осындай бір мүмкіндіктері бар.