"Қазақфильмнің" бұрынғы президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, күдікті тарихи фильмдер түсіру үшін мемлекет қаржысына салынған жасанды "Түркістан" бекінісін 2017 жылы нарықтағы құнынан 44 есе төмен бағамен сатып жіберген. Қазір активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол Елорданың кәріз тазарту құрылыстарын салу жұмысына атқарушыны айқындау кезінде жеке ұйымның мүддесін қолдау үшін қала сыртынан жеке үй түрінде ірі көлемде пара алған. Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасуда. Сонымен қатар, қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы серуен: Астанада қайда барып демалуға болады
Маймылдар шабуылы: Вьетнамнан оралған тұрғындар шұғыл екпе салды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?