Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус немересімен бірге Ұланғасыр Қамидың "Дискотека" әніне биледі, деп хабарлайды Zakon.kz.Көңілді видеоны 14 сәуірде ДДСҰ басшысы өзінің Х аккаунтында жариялады. "Демалыс күнгі би, #Қазақстан музыкасы, немерем Коймен бірге. Балаларымыздың жарқын болашағынан үміт күтеміз", – деп жазды Тедрос Гебрейесус видео сипаттамасына. ДДҰ басшысының немересі жартылай қазақ. Оның ұлы Эммануэль қазақ қызы Айдананы жар етіп алған.