Қазақстан 2024 жылы бір уақыт белдеуіне көшеді

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Сауда және интеграция министрлігі бұл мәселені қоғамдық талқылауға шығарды. Бүгін «Ашық үкімет» порталында талқылау аяқталды. Егер халықтың басым бөлігі өзгерісті қолдаса, келер жылы наурыздан бастап еліміздің барлық аймағы бір уақытпен өмір сүреді. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Астаналық тұрғындардың дені келер жылы уақыттың ауысатынынан бейхабар. Дегенмен сағат тілінің артқа жылжуына қуанбаса, ешкім реніш білдіріп жатқан жоқ. Егер адам денсаулығына пайдасы тисе неге жылжытпасқа дейді тұрғындар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ұнайды ауысқаны, бір сағатқа, мен қалаймын. Мен ешқандай қарсы емеспін. - Дұрыс ол да дұрыс. Қараңғыда жүргенше. Мұнда жастарға, жұмысқа баратындарға, сабаққа баратындарға ыңғайлы болуы керек қой. - Ғалымдар айтып жатса, солай тексеріп, сол дұрыс болса, адамның дене, несіне денсаулығына онда бізге бәрібір. - Елімізде бір уақыт болғаны жақсы ғой. Ол бір сағат алға, бір сағат кейін деген негізі вообще деген дұрыс емес сияқты менің ойымша. Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрхожаев сағат ауысатын аймақтар дәл қазіргі уақытта Қытай сағаттық белдеуімен өмір сүріп жатқанын айтады. Маман озық уақытпен жүрген өңірлерде балалардың таңертеңгі сабаққа тұра алмауының себебін сағат тілі мен күннің атуы сәйкес келмейтінімен түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақыт балалардың маңызды қабілеттеріне жауапты тез ұйқы фазасының 60-90 пайызын жоюда. Болат НҰРХОЖАЕВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ: Біздің қазіргі Астана уақытын Алматы мына уақытымен жүрген қазіргі уақытын бір сағат кейін шегеріп, 5-сағаттық белдеуге теңестіру сол өңірлердің өзінің табиғи уақытан көшіру. Яғни, белдеулік табиғи уақытына көшеді деген сөз. Астана уақытын бір сағат шегерсе, көптеген облыстарда күннің табиғаттың, Алланың, Жаратқанның деп айтады ғой енді, соның уақытымен өмір сүретін боламыз. Ол бізге зиян тигізеді деу, енді былайынша қисынсыз. Сауда және интеграция министрлігінің ведомствоаралық уақыт өлшемі жөніндегі жұмыс тобының зерттеу жұмыстары сәуір айынан бастап жүргізілген. Болат НҰРХОЖАЕВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ: Барлық аспектлерді зерттеп, оны барлық мемлекеттік органдарға, ғылыми зерттеу институттарына, медициналық институттарға, сосын физиология-генетикаға қатысы бар жоғарғы оқу орындарына жіберіп, бәрінен де қолдау алдық. Соның ішінде онкология және радиология институты, астрафизика институты, адам және физиологиясы генетикасы институттары бәрі қолдап отыр. Бір сағат белдеуін енгізу мәселесі қоғам талабынан туындаған. Жұмыс тобы шешім қабылдауда әрбір сала мамандарының пікірі ескерілгенін айтады. ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ: Бұл мәселе қазіргі уақытта талқылануда. Сәуір айында сағат белдеуін өзгерту жөніндегі ұсыныстарды дайындаған жұмыс тобы құрылды. Қазіргі күні Үкімет Қаулысының жобасын жария талқылау аяқталды. Осы мәселе бойынша соңғы шешімді Үкімет қабылдайды. Үкімет ұсынысы қолдау тапса, еліміздің барлық аймағы 5-сағаттық белдеуде болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл нұсқа ең дұрыс және қолайлы нұсқа. Қазақстанның бірқатар өңіріне табиғиға жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады
«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды
Көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды
Ақтауда ер адам жыныс мүшесін шығарып, кішкентай қыздарға тиіскен: күдікті небәрі 40 күнге қамалуы мүмкін