Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Тоқаев

Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жиынына жұмылдырылған бөлімшелердің дайындық деңгейіне оң баға берді.Сонымен қатар Президент бұл оқу-жаттығу жиындары күрделі геосаяси кезеңде өткізіліп отырғанына назар аударды. «Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Елімізді, жерімізді, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қорғау – баршамызға ортақ қасиетті парыз!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің пікірінше, біздің әскеріміз кәсіби деңгейі жоғары, ұтқыр және ең күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы қажет. «Ол үшін әскерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және сапалы әскери техникамен жарақтандыру, оқ-дәрілермен толықтай қамтамасыз ету айрықша маңызды. Жақында жариялаған Жолдауымда мен жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс циклін құруды тапсырдым. Бронды техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары – мұның бәрін біз өзімізде шығара аламыз. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Қолайсыз ауа райы: қар құрсауында қалып қойған 13 жүк көлік пен жолаушылар құтқарылды
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 09:53 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін – Тәуелсіздік күні