"Қазақстан армиясы кез-келген сын-қатерге дайын болуы қажет", - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды. Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді. Жиын барысында мемлекеттік және әскери басқару органдарының қорғаныс операциясын орындауға дайындығы тексерілді. Сап түзеген сарбаздар өздерінің шеберліктерін көрсетті. Түрлі тактикалық жаттығулармен тәнті етті. Әскер барлық деңгейдегі штабтарда қабылданған шешімдерді толық жүзеге асырды. Оқу-жаттығуға барлығы 8 мың әскери қызметші жұмылдырылып, 600 әскери техника мен қару-жарақ пайдаланылды. Сарбаздардың әскери қабілетін бақылау мұнарасынан тамашалаған Президент жаттығуға жұмылдырылған бөлімшелердің дайындық деңгейіне оң баға берді. Сонымен қатар Президент бұл оқу-жаттығу жиындары күрделі геосаяси кезеңде өткізіліп отырғанына назар аударды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ: Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Елімізді, жерімізді, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қорғау – баршамызға ортақ қасиетті парыз! Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы Күштер тиімділігінің басты факторы екенін атап айтты. Әрбір сарбаз өзіне сеніп тапсырылған қару мен техниканы жетік меңгеріп, оларды ұрыста шебер қолданып, жедел шешім қабылдап, батылдық танытуы керектігін жеткізді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ: Әскери даярлыққа және командирлердің кәсібилігіне жоғары талап қойылады. Сондықтан қазіргі заманғы ұрыс жағдайында бөлімшелер негізгі күштен бөлек, дербес әрекет етуге дайын болуы қажет. Командирлер мен бастықтар батыл шешім қабылдап немесе орынды бастама көтеріп, берілген тапсырманы орындау үшін тың тәсіл қолдануы керек. Олар батылдығымен, төзімділігімен және антқа беріктігімен көпке үлгі болуы қажет. Әскердің күші – тәртіпте! "Әскеріміз кәсіби деңгейі жоғары, ұтқыр және ең күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы қажет", - деді Президент. Қолбасшыларға армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз етуді тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ол үшін әскерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және сапалы әскери техникамен жарақтандыру, оқ-дәрілермен толықтай қамтамасыз ету айрықша маңызды. Жақында жариялаған Жолдауымда мен жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс циклін құруды тапсырдым. Бронды техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары – мұның бәрін біз өзімізде шығара аламыз. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынынан кейін шұғыл кеңес өткізді. Әскер қолбасшылары жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерімен танысты. Кейіннен Президент далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесіп, жауынгерлердің тамағынан дәм татты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Балалар арасындағы суицид неге көбейіп барады?
Қысқы универсиада: Қазақстандықтар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды