Қазақстан аумағынан ірі қара мал мен ұсақ мал әкетуге квота енгізіледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.Атап айтқанда, алты ай мерзімге ірі қара мал мен тірі қойларға сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі: 60 000 (алпыс мың) бас тірі ірі қара малды Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге; 120 000 (жүз жиырма мың) бас тірі қойлар мен ешкілер Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге. Құжатта белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайтыны айтылған. Сондай-ақ бұқашықтарды карантинге қоюға шектеу енгізілді: бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас; тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас. Еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит: бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас; тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас. Қазақстан Республикасының аумағынан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды. Құжат 4 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды. 2022 жылы Қазақстанда ірі қара малды, қой-ешкіні экспорттауға тыйым салынса, биылғы жылдың басынан бастап бұл жануарларды экспорттауға квоталар енгізілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"