Алматылық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 377 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz."Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 16 сәуірде Алматы уақытымен 16:12-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жерде орналасқан.