Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Ол өз сөзінде Қазақстан өз аймағы арқылы өтетін барлық бағыттағы экспорт пен транзитке ашық екенін айрықша атап өтті. «Қазір тек «Шығыс-Батыс» қана емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты да бар. Осыған дейін орташа бағыт айтылды, бірақ оңтүстік бағыт та бар. Ол Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Иранға барып, тауарды Түркия арқылы Иранға жіберу бойынша келісімдер орнатылды», - деді ол. Василенко атағандай, қазіргі таңда біздің деңгейімізді Еуразияның орталығында көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Белгілі болғандай, кезінде мұнай тасымалдау бойынша бірқатар бағыт жолға қойылды. Оның ішіне Ресей арқылы өтетін бағыттар кіреді. Каспий құбыр консорциумы, «Атырау-Самара» құбыры, «Махачкала-Ақтау» бағыттары болды. Биылдан бастап «Ақтау-Баку» бағытындағы тасымалдау іске қосылады. Яғни Әзербайжан арқылы мұнай тасымал жолға қойылмақ», - деді ол.