"Қазақстан да әлемдік трендтерден қалып қоймауы қажет", - О.Бектенов

Елімізде дәрілік заттарға ішкі сұраныс артқанымен, фармацевтика секторындағы отандық өндіріс көлемі төмендеген. Үкімет отырысында Олжас Бектенов өндірістің үлесі 20 пайыздан 14 пайызға дейін кемігенін айтты. Тамақ өнеркәсібінде де жағдай мәз емес. Өнімнің кейбір түрлері импортқа тәуелді. Қазақстанда 193 отандық кәсіпорын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен техника шығарады. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтың мәліметінше, қазір елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру бойынша 29 жаңа жобаны локализациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жандос БҮРКІТБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:2023 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық нарықтың көлемі шамамен 950 млрд теңге болды. Оның ішінде отандық өндірістер көлемі 144,3 млрд теңге. Экспорт өнімі 7,9 млрд теңге құралып отыр. Ал отандық өнімнгің үлесі 14,4 пайыз. Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өндірістегі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу жөніндегі міндетін еске салды. Тиісті ведомство технологиялар трансферті және жаңа өндірістерді локализациялау үшін жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен байланыстарды күшейтуі керек екенін ескертті. Сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалауды тапсырды. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:Биылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды таңбалауды және олардың тіркеу куәліктерін Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес келтіруі қажет. Нарыққа қатысушылар тарапынан да бұған қатысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселенің байыбын жан-жақты, дұрыс түсіндіріп, реформалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Отандық өндірістің көлемі металургия саласында да төмендеген. Мәселен Ұлытау облысында соңғы 4 айда өндірілген өнім көлемі 3 пайызға азайса, өңдеу өнеркәсібіне салған инвестиция көлемі 18 пайызға кеміген. Сондай-ақ елімізде тамақ өнеркәсібі өнімінің кейбір түрлері импорты өсіп барады. Үкімет басшысының айтуынша, сүт өнімдерімен бірге қант, шұжық, макарон және жарма өнімдері мен жеміс-жидек консервілеріне келгенде шетелдің тауарына тәуелдіміз. Олжас БЕКТЕНОВ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:Бұған өзімізде шығарылатын тамақ өнімдерінің жеткіліксіз болуы және отандық кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алмауы әсер етіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030-шы жылға дейінгі тұжырымдамасында шығыстарды субсидиялау, шикізат базасын дамыту, салық преференциялары және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі қажет. Үкімет басшысы бүкіл әлемде цифрлық технологияларды белсенді қолдану, өндірістерді роботтандыру және автоматтандыру процесі жүріп жатқанында, Қазақстан да әлемдік трендтерден қалып қоймауы қажет екенін ескертті. Осы орайда біздің кәсіпорындар жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуі тиіс. Ал, салалық мемлекеттік органдар осы процесті дамытуға ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасауы қажет деп тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
Оралда телефон ұрлап, 6,5 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды