Қазақстан ең лас елдер рейтингінде 111 елдің ішінде 30-орында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Биыл қаңтар–тамыз айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 164,4 млрд теңгеге жетіп, бұл былтырғымен салыстырғанда 3,9 есеге көбейген. Демек, былтыр сәйкес кезеңде көрсеткіш 60,8%-ға азайып, 42,2 миллиард теңге болған.Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Ақмола облысына түскен. Өткен жылдың қаңтар–тамыз айларында 2,4 млрд теңге болса, қазір 112,7 млрд теңге. Ал құны бойынша жылдық өсім 47,2 есе. Екінші және үшінші орында Атырау (25,8 млрд теңге, бір жыл бұрын 1,4 млрд теңге) және Түркістан (9,9 млрд теңге, бір жыл бұрын 3,2 млрд теңге) облыстары. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 443,8 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 2,8% аз. Салаға күрделі салымдар өткен жылдың осы кезеңінде 17 өңірде болса, биыл 20 өңірінің сегізінде ғана байқалды. Барлық күрделі салымдардың 75,1%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаты болды: бір жыл бұрын 20,5 млрд теңге болса, қазір 123,4 млрд теңге. Жылдық өсім — 6 есеге өскен. Банктік емес қарыздар 35,6 млрд теңгені (бір жыл бұрынғыдан екі есеге артық), банк несиелері — 5,1 млрд теңге (бір жыл бұрынғыдан 7,4 есе көп), жергілікті бюджет қаражаты — 195,2 млн теңге (бір жыл бұрын 2,8 млрд теңге болған). Осы жылдың 5 қазанында Қазгидромет елдің алты қаласында, келесі күні он қаласында зиянды заттардың деңгейі жоғарылағанын хабарлады. Ал 11 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алған. Елдің ластану индексі 73. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым ластанған. Әлемнің ірі қалаларының ішінде Алматы 251 қаланың ішінде 48-орында. Қала индексі — 78,5. Индекс дүние жүзіндегі қалалардағы ластанудың жалпы деңгейін бақылайды. Ол ауа мен судың ластануы, қалдықтарды кәдеге жарату, тазалық, шу мен жарықтың ластануы, жасыл кеңістіктер және ластануға байланысты өмір сүру жайлылығы сияқты факторларын ескереді. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ластану деңгейі бойынша Әзірбайжаннан кейін екінші орында тұр. ТМД-дағы ең таза ел қатарында Белоруссия. Ресей, Армения, Украина және Молдованың ауасы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жақсырақ болып шықты. Рейтингте Моңғолия, Мьянма және Ливан ең лас, ал Финляндия, Исландия және Эстония ең таза елдер қатарында.