Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемнің ұлттық құрамаларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.Үздік үштік өзгеріссіз: Аргентина, Франция және Бразилия. Одан кейін Португалия мен Италияның орындары алмасқан. Өткен рейтингпен салыстырғанда Қазақстан құрамасы төрт сатыға жоғарылап, 100-орынға жайғасты. Айта кетейік, қыркүйекте Магомед Адиев шәкірттері Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екі ойын өткізді: Финляндиядан 0:1 есебімен ұтылса, Солтүстік Ирландиядан 1:0 есебімен басым түсті. 21 қыркүйектегі ФИФА рейтингі: 1 (1). Аргентина — 1851.41 2 (2). Франция — 1840.76 3 (3). Бразилия — 1837.61 4 (4). Англия — 1794.34 5 (5). Бельгия — 1792.64 6 (6). Хорватия — 1747.83 7 (7). Нидерланд — 1743.15 8 (9). Португалия — 1728.58 9 (8). Италия — 1727.37 10 (10). Испания — 1710.72 24 (24). Украина — 1538.42 39 (38). Ресей — 1495.53 75 (74). Өзбекстан — 1328.35 79 (78). Грузия — 1299.32 91 (90). Армения — 1254.47 96 (97). Қырғызстан — 1228.60 100 (104). Қазақстан — 1206.94 105 (98). Беларусь — 1198.22 110 (110). Тәжікстан — 1183.01 115 (111). Эстония — 1172.25 121 (121). Әзербайжан — 1147.69 136 (134). Латвия — 1089.99 140 (138). Түрікменстан — 1086.12 143 (144). Литва — 1072.21 159 (164). Молдова — 1010.10.