Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. Демалыста жүрген қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис аң-таң болып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап. Манчестер Юнайтедтің 54 жастағы бұрынғы ойыншысы демалыста жүргенде өз отставкасы туралы естиді. Ал бұл туралы 23 қарашада қостанайлық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жария етті. Көп ұзамай Канчельскистің Championat басылымына берген сұқбаты жарияланды. "Мен бе "Тобылдан" кеткен? Маған ешкім ештеңе демеді әрі ешқандай құжатқа да қол қойған емеспін. Клубтың тең төрағасы айтты дейсіңдер ме? Бұлай жасау үшін қандай да бір негіз болуы керек қой. Ол мені алаяқ, қолма-қол ақша жасаумен, қаралық істермен айналысады деген техникалық сылтаумен жұмыстан шығарғысы келеді ме? Мен мұндаймен айналыспаймын, бірақ ол айналысады. Мен қазір демалыста жүрмін, 29 қарашадан кейін келемін, сол кезде бәрін анықтайтын боламыз",-дейді Андрей Канчельскис.Канчельскистің отставкаға кететіндігі туралы қауесет соңғы екі ай бойы дамылдамай тұр. Алайда, осы уақыт аралығында ресейлік маман желіде тараған бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарған. "Менің қойған қолым тұрған кезде, жұмыстан босағаным туралы айта берулеріңізге болады. Ал қазір Қалдияров паровоздың алдына түсіп алып, далбасалап жүр. Ол, алдымен өзінің жағдайына аздап болсын, көңіл бөліп алсын. ФИФА мен УЕФА-ға хаттар жолданады, өйткені маған қоңырау шалып, оның қызметі және "Тобылда" жұмыс істейтін басқа адамдар туралы да сұралды. Бұл қиын мәселе, енді олар бұған жауап беретін болады",-дейді Андрей Канчельскис."Тобылдың" басшылығындағы өзгерістер Қазақстан Кубогы-2023 финалынан кейін бірден орын алды. Ол кезде олар ел чемпионы - "Ордабасыны" 1:0 есебімен жеңген болатын. Сол тарихи матчтан кейін сербиялық бапкер Милич Чурчич отставкаға кетті. Енді, міне, екінші отставка, кезек бас директор Андрей Канчельскиске келген секілді. Ресейлік "Тобыл" ФК директоры лауазымын небәрі төрт ай атқарды, дегенмен оның клубпен арада алдын ала жасаған келісімі 2023 жылдың соңына дейін есептелген болатын. "Тобыл" осы маусымда ҚПЛ чемпионатында сегізінші позицияға орнықты. УЕФА конференциялар Лигасында жақсы өнер көрсетті және ақырында Республика кубогының жеңімпазы атанып, соның арқасында келесі жылғы Еуропа Лигасына жолдама алды.