Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. "Тобылдың" экс-директоры сотқа жүгінбек

Қазақстан футболында дау-дамай бұрқ етті. Демалыста жүрген қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис аң-таң болып мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап. Манчестер Юнайтедтің 54 жастағы бұрынғы ойыншысы демалыста жүргенде өз отставкасы туралы естиді. Ал бұл туралы 23 қарашада қостанайлық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жария етті. Көп ұзамай Канчельскистің Championat басылымына берген сұқбаты жарияланды. "Мен бе "Тобылдан" кеткен? Маған ешкім ештеңе демеді әрі ешқандай құжатқа да қол қойған емеспін. Клубтың тең төрағасы айтты дейсіңдер ме? Бұлай жасау үшін қандай да бір негіз болуы керек қой. Ол мені алаяқ, қолма-қол ақша жасаумен, қаралық істермен айналысады деген техникалық сылтаумен жұмыстан шығарғысы келеді ме? Мен мұндаймен айналыспаймын, бірақ ол айналысады. Мен қазір демалыста жүрмін, 29 қарашадан кейін келемін, сол кезде бәрін анықтайтын боламыз",-дейді Андрей Канчельскис.Канчельскистің отставкаға кететіндігі туралы қауесет соңғы екі ай бойы дамылдамай тұр. Алайда, осы уақыт аралығында ресейлік маман желіде тараған бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарған. "Менің қойған қолым тұрған кезде, жұмыстан босағаным туралы айта берулеріңізге болады. Ал қазір Қалдияров паровоздың алдына түсіп алып, далбасалап жүр. Ол, алдымен өзінің жағдайына аздап болсын, көңіл бөліп алсын. ФИФА мен УЕФА-ға хаттар жолданады, өйткені маған қоңырау шалып, оның қызметі және "Тобылда" жұмыс істейтін басқа адамдар туралы да сұралды. Бұл қиын мәселе, енді олар бұған жауап беретін болады",-дейді Андрей Канчельскис."Тобылдың" басшылығындағы өзгерістер Қазақстан Кубогы-2023 финалынан кейін бірден орын алды. Ол кезде олар ел чемпионы - "Ордабасыны" 1:0 есебімен жеңген болатын. Сол тарихи матчтан кейін сербиялық бапкер Милич Чурчич отставкаға кетті. Енді, міне, екінші отставка, кезек бас директор Андрей Канчельскиске келген секілді. Ресейлік "Тобыл" ФК директоры лауазымын небәрі төрт ай атқарды, дегенмен оның клубпен арада алдын ала жасаған келісімі 2023 жылдың соңына дейін есептелген болатын. "Тобыл" осы маусымда ҚПЛ чемпионатында сегізінші позицияға орнықты. УЕФА конференциялар Лигасында жақсы өнер көрсетті және ақырында Республика кубогының жеңімпазы атанып, соның арқасында келесі жылғы Еуропа Лигасына жолдама алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы